«Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәндерінен республикалық олимпиада

Дата:
11.04.2025

А.ж. 11 сәуірінде «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәндерінен Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Олимпиада Қарағанды қаласында өтті, онда 4 күн бойы республиканың түкпір-түкпірінен 173 қатысушы бақ сынасты.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жеңімпаздары арасынан 7 оқушы қатысты. Олар – Қостанай, Рудный қалалары, Федоров ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары.

Қатысушыларға олимпиада қазылар алқасының мүшелері әзірлеген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау, тілді, ауызша және жазбаша тілді меңгеру деңгейін көрсету қажет болды.

Біздің облысымыздың атынан қатысқан қатысушылар 5 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 1. Тағы 1 оқушы «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.

Аты-жөні

Білім беру ұйымы

Пән

Орын

1

Усембаев Аян

Қостанай қаласының № 2 мектеп-лицейі

Орыс тілі мен әдебиеті

І

2

Гартунг Эмили

Рудный қаласының № 2 мектеп-гимназиясы

Орыс тілі мен әдебиеті

ІІ

3

Бурхацкая Стефания

Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі

Орыс тілі мен әдебиеті

ІІ

4

Жумасова Асель

 «Озат» МАТМЛИ

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

ІІ

5

Кущанова Ляззат

Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

ІІІ

6

Мутунова Саяжан

Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

грамота

Усембаев Аян Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне грант алды.

Балалар мен олардың ұстаздарын олимпиадада табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!!!