
Елімізде қатарынан алтыншы жылы ауылдық жерлердегі мектептердің дарынды оқушыларын қолдауға және дамытуға бағытталған ауқымды білім беру жобасы — «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізіліп келеді.
Биыл олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 65 000-нан астам алтыншы сынып оқушылары қатысты. Оның қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталды, олардың ішінде Қостанай облысынан 16 оқушы бар. Жеңімпаздар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуды жалғастырудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Федоров ауданы мен Рудный қаласының екі оқушысы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі» КММ-не қабылданса, Қостанай және Амангелді аудандарының мектептерінен тағы екі оқушы Қостанай және Щучинск қалаларындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаттарының оқушылары атанды.
2 қыркүйекте дарынды балалардың оқу жылы жаңа мектептерде басталды, онда әлеуетті ашу, таланттарды дамыту және жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Жас зияткерлерімізді құттықтаймыз және оқуда табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!