«Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік сайысының нәтижелері

Дата:
03.11.2025

29-31 қазан аралығында Астана қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық зияткерлік сайысы өтті.

Конкурстың мақсаты – мектеп оқушыларының зерттеу және талдау дағдыларын дамыту, тарихқа деген қызығушылықты арттыру, патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қостанай облысының атынан өңірлік кезеңнің жеңімпаздары – Амангелді ауданының және Арқалық, Қостанай қалаларының оқушылары қатысты.

Қостанай қаласының А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясында 3-ші орын алды.