
2025 жылдың 22 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ педагогикалық ұжымы «Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметі: әдістер және табысты тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
2024 жылдың қыркүйегінде осы мектеп оқушыларының ғылыми қоғамы «Оқушылардың үздік мектеп ғылыми қоғамы» облыстық байқауының жеңімпазы атанған болатын. Аталған байқаудың жалғасы ретінде педагогтерге арналған осы семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – тәжірибе алмасу, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи әдістерін талқылау және табысты педагогикалық тәжірибелерді енгізу.
Бағдарлама аясындакелесі негізгі аспектілер қарастырылды:
- оқушыларды зерттеу қызметіне тартудың тиімді әдістері;
- жобаларды басқару және дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері;
- оқушылардың ғылыми байқаулардағы үздік тәжірибелері мен жетістіктерімен таныстыру.
Іс-шараға 23 педагог, оның ішінде директорлардың ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және Қостанай облысының білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты.
Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және Қостанай облысы оқушыларының ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға жағдай жасауға ықпал етті.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді жұмыс істегені және сындарлы пікір алмасқаны үшін алғыс білдіреді.