2025 жылғы 25 қарашада ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 7 сынып оқушылары үшін «Білімге құштар жас өрен» байқауы өткізілді. Конкурс облысымыздың 13 ауданындағы мектептердің 7 сыныбында білім алып жүрген 132 оқушысын біріктірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 76 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 13 оқушы 1-орынға, 29 оқушы 2-орынға, 34 оқушы 3-орынға лайықты деп танылды.
48 оқушы сертификаттармен атап өтілді.
Жеңімпаздардың дипломдары мен қатысушылардың сертификаттары http://tiny.cc/diplomibilimdikyshtar сілтемесі бойынша қолжетімді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, конкурстың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз!




