
2025 жылғы 25 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру: табысты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер» атты облыстық семинар өтті.
Мектеп 2024 жылдың қыркүйегінде өткен «Үздік мектеп ғылыми қоғамы» облыстық байқауының жүлдегері атанды. Бұл семинар осы іс-шараның қисынды қорытындысы болды. Мектептің педагогикалық ұжымы дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін облыстық деңгейде таныстырды.
Семинардың мақсаты: дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді тарату үшін жағдай жасау; педагогтер мен білім алушыларда табысты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер туралы түсініктерді қалыптастыру.
Семинар аясында мектеп педагогтері бастауыш, орта және жоғары сыныптарда ашық сабақтар өткізді, сабақтан тыс уақытта дарынды балалармен қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және тәрбиелік бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Семинар қатысушылардан оң пікірлер алды. Семинар жұмысына Қостанай облысының мектептерінен барлығы 31 педагог қатысты.