
2025 жылдың 10 қазаны күні Қостанай қаласы білім бөлімінің «Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шара «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Бағдарлама өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын, отансүйгіштік сезімін және мәдени санасын қалыптастыруды көздейді.
Байқаудың мақсаты – 8–11 сынып оқушыларының шешендік және поэзиялық өнер саласындағы шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ ұлттық музыкалық аспаптарда орындаушылық шеберлігін қолдау және дамыту.
Сайыс алты номинация бойынша өтті:
- «Шешендік, білгірлік сайысы»
- «Көркем сөз оқу»
- «Эссе жазу»
- «Ұлттық аспапта өнер көрсету»
- «Ақындар айтысы»
- «Ақындар мүшәйрасы».
Биылғы байқауға облыстың 10 өңірінен және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 41 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды: 6 – І орын, 7 – ІІ орын, 12 – ІІІ орын. Жеңімпаздар облыстың атынан республикалық кезеңге қатысатын болады.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз еткені үшін Қостанай қаласы білім бөлімінің «Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына ерекше алғыс білдіреміз.