«ASTRO SPACE SCHOOL» оқушылардың республикалық астрономиялық турнирі

Дата:
15.04.2025

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 12 сәуір күні 7-12 сынып оқушыларына арналған «ASTRO SPACE SCHOOL» оқушылардың республикалық астрономиялық турнирін өткізді.

«ASTRO SPACE SCHOOL» оқушылардың республикалық астрономиялық турнирі – орта және жоғары сынып оқушыларының күрделі зерттеу және ғылыми мәселелерді шешу, өз шешімдерін сенімді түрде ұсыну, оларды ғылыми талқылауларда – «шайқас» кезеңдерінде қорғау қабілеттерін тексеретін жеке-командалық жарыс.

Олимпиадаға республикалық білім беру мекемелерінен 112 оқушы қатысты. Біздің облысымыздан 5 мектеп қатысып, мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

І орын – Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназиясы;

ІІ орын – Қостанай қаласының М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын – Қостанай қаласының №11 жалпы білім беретін мектебі, Қостанай қаласының А.М.Горький атындағы гимназиясы, Рудный қаласының Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы.

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!