«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі

Дата:
07.04.2025

2025 жылдың 05 сәуірінде 10–11-сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – математикаға бейімі бар дарынды оқушыларды анықтап, оларды қолдау, ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру. Айта кету керек, бұл олимпиада тек қазақ тілінде өткізіледі.

Іс-шара Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бұйрығына сәйкес, «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Республикалық кезең З.Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік техникалық университетінде өтті.

Биылғы олимпиада үш бөлімнен тұрды:

  • I бөлім – тест тапсырмалары;
  • II бөлім – бос орынды толықтыру;
  • III бөлім – есептерді шешу, дәлелдеу және есептеу.

Барлық бөлімді орындауға 100 минут уақыт берілді.

Олимпиадаға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді:

  • 2023 жылы – 3 548 оқушы,
  • 2024 жылы – 7 767 оқушы,
  • 2025 жылы – 12 941 оқушы.

Биыл республикалық кезеңге Қостанай облысынан 71 оқушы жолдама алып, білімдерін сынға салды.

Олимпиаданың биылғы басты ерекшелігі – altynsaqa.online порталы арқылы өтіп жатқаны. Оқушылар мен оларды дайындаған мұғалімдер осы порталға тіркеліп, тапсырмаларды бір уақытта орындайды. Бұл үдеріс ата-аналар мен мұғалімдерге онлайн форматта бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушылар олимпиада нәтижелерін, алған орындарын, жеке рейтингтерін көріп, дипломдарын жүктеп ала алады. Бұл – еліміздегі олимпиадаларды цифрландыру арқылы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Олимпиада жеңімпаздары 28 оқушы болды, оның ішінде 8-і бірінші, 9-ы екінші, 11-і үшінші орынды иеленді. Тағы 13 адам грамоталармен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына «Зерделі» орталығында оқуға арналған жеңілдік сертификаттары (20%-дан 50%-ға дейін) табыс етілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларға З.Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік техникалық университеті және Мiржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеттері 11 сыныптың 4 оқушысына білім гранттарын табыстады. Бұл – дарынды жастарға берілетін зор қолдау және олардың жарқын болашағына жасалған сенімді инвестиция.

Бекенбай Дәмір, Алтынсарин ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беру мектебінің оқушысы, олимпиаданың үздік нәтижесін көрсеткен оқушы ретінде Дубайға саяхат жолдамасымен марапатталды

Сонымен қатар, қатысушылар жоғары оқу орындарының аудиторияларымен және материалдық-техникалық базаларымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мектебі

Алған орны

1

Бекенбай Дамир

10

Алтынсарин ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы Обаган жалпы білім беретін мектебі

1

2

Амантай Ерсұлтан

10

Қостанай қаласы, С. Мәуленов атындағы гимназиясы

1

3

Аманжол Ерсұлтан

10

Арқалық қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы

1

4

Зильгараева Айым

10

Арқалық қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі

1

5

Тулебай Мансур

10

Қостанай қаласы, м. Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі

2

6

Акмагамбетов Диас

10

Қостанай қаласы, С. Мәуленов атындағы гимназиясы

2

7

Касенов Аружан

10

Қостанай қаласы, С. Мәуленов атындағы гимназиясы

2

8

Аманжол Дильназ

10

Қамысты ауданы, Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі

2

9

Сембіұлы Мәди

10

Қостанай ауданы, Тобыл қаласының Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы

2

10

Кайсарова Сабина

10

Қостанай қаласы, С. Мәуленов атындағы гимназиясы

3

11

Адилбекова Акжан

10

Рудный қаласы,  М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

3

12

Байтурсунов Нияз

10

Әулиекөл ауданы, ШУәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі

3

13

Кайыржан Нұрислам

10

Алтынсарин ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы Обаган жалпы білім беретін мектебі

3

14

Ерланұлы Бактияр

10

Рудный қаласы,  М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

3

15

Темірхан Аида

10

Арқалық қаласы, М. Әуезов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі

3

16

Туреханов Нұрғиса

10

Рудный қаласы,  М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

3

17

Абдибек Мухамеджан

11

Рудный қаласы,  А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

1

18

Кабиев Имангали

11

Қостанай ауданы, Тобыл қаласының Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы

1

19

Медео Нұралы

11

Қостанай қаласы, М. Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі

1

20

Сапи Нурдаулет

11

Қамысты ауданы, Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі

1

21

Асыланова Данэль

11

Қостанай қаласы, С. Мәуленов атындағы гимназиясы

2

22

Бауыржан Дильназ

11

Қостанай қаласы, А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі

2

23

Кункашев Дастан

11

Рудный қаласы,  А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

2

24

Бекбулатова Замира

11

Әулиекөл ауданы, № 1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі

2

25

Абдильманова Аяулым

11

Қостанай қаласы, М. Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі

3

26

Атығай Ернұр

11

Қамысты ауданы, Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі

3

27

Болебай Диас

11

Әулиекөл ауданы, ШУәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі

3

28

Амри Альбина

11

Қостанай қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі

3

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!