Жобалар конкурсының облыстық кезеңі жүлдегерлерін тестілеу

Дата:
22.12.2025

2025 жылғы 19-20 желтоқсанда Қостанай қ. Физика-математикалық лицейінің базасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жобалар конкурсының кезекті кезеңі өтті.

Кезеңге жобалар конкурсы облыстық кезеңінің 184 жүлдегер оқушысы қатысты. Оларға үш қиындық деңгейіндегі бейіндік пән бойынша 60 тест тапсырмасы ұсынылды. Тестілеу қорытындысы бойынша жеке жобалар үшін ең жоғары балл – 120 баллды және командалық жобалар үшін – 240 баллды құрады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы секциялардың жүлдегерлері үшін олардың жұмысы конкурстың келесі кезеңіне – жобаларды сараптау кезеңіне жіберілуі үшін 60 балл (командалық жобалар үшін – 120 балл) шегін еңсеру қажет болды.

Конкурстың қорытынды кезеңіне қатысушылардың есімдері 2026 жылдың қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында белгілі болады.