
2025 жылғы 7 қазанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVІІІ Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Ережеге сәйкес олимпиадаға бұрын мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасына қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада жаратылыстану-математика циклінің 4 пәні бойынша өтті: математика, физика, химия және биология. Биыл олимпиадаға қатысушыларға дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар – есептер дайындалды. Биология бойынша тесттік тапсырмалар ұсынылды. Олимпиаданың осы кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ықтимал балл – 100 балл (әр пән бойынша 25 балл).
Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарынан 91 оқушы қатысты. Олимпиада дәстүрлі форматта З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында ұйымдастырылды.
Кезең қорытындысы бойынша 21 қазанда өтетін қашықтық кезеңге қатысу үшін ең жоғары балл жинаған 20 оқушы іріктеледі.