
Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті.
Шет тілдерінен олимпиада 2024-2025 жылдары оқушылардың Республикалық олимпиадасын өткізуді аяқтады. Ол Көкшетау қаласында өтті.
4 күн бойы республиканың түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам оқушы бақ сынасты.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары арасынан 6 оқушы қатысты. Олар – Қостанай, Рудный қалалары мен дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары.
Қатысушыларға олимпиада қазылар алқасының мүшелері әзірлеген теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау, олимпиаданың ауызша турында тілді меңгеру деңгейін көрсету қажет болды.
Біздің облысымыздың атынан қатысқан оқушылар 2 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде ІІ орын - 1, ІІІ орын - 1. Тағы 3 оқушы «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.
№ |
Аты-жөні |
Білім беру ұйымы |
Пән |
Орын |
1 |
Яхонтова Арина |
Қостанай қаласының № 2 мектеп-лицейі |
Ағылшын тілі |
ІІ |
2 |
Усембаев Мади |
Қостанай қаласының М.Горький атындағы гимназиясы |
Неміс тілі |
ІІІ |
3 |
Давлетова Адия |
Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназиясы |
Ағылшын тілі |
грамота |
4 |
Карев Егор |
Рудный қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі |
Ағылшын тілі |
грамота |
5 |
Рейзлина Екатерина |
Қостанай қаласының М.Горький атындағы гимназиясы |
Неміс тілі |
грамота |
Сонымен қатар Яхонтова Аринаға Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне білім гранты табысталды.
Балалар мен олардың ұстаздарын олимпиадада жоғары нәтиже көрсетулерімен құттықтаймыз!!!