2025 жылғы 5-9 қаңтар аралығында 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының III (облыстық) кезеңі өтті.
Олимпиада «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 22 жалпы білім беретін мектебі» КММ (ЖМБ пәндер) және «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ (ҚГБ пәндер) базасында өтті.
№ 2 мектеп-лицейінде өткен олимпиаданың ашылу салтанатына қатысқан Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетов олимпиаданың барлық қатысушыларын құттықтады:
«Әрбір олимпиада сынақ қана емес. Сонымен қатар ғылым салтанаты, шығармашылық зертхана және ең ұшқыр ойлардың сайыс алаңы да. Бұл оқудан зерттеуге көшетін жер, мұнда білу жеткіліксіз: сондай-ақ ойлай, талдай, жасай білу де қажет».
Олимпиадаға қатысу білімнен бөлек: жеңіске деген ерік-жігерді, сабырлықты және кез келген нәтижеге дайын болуды да қажет етеді.
Қымбатты балалар! Оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі басталуымен құттықтаймыз! Сендер — біздің ең бағалы байлығымызсыңдар және ең батыл зерттеушілерсіңдер. Сендер баянды болашаққа қарай тағы бір қадам жасадыңдар!».
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлері мен дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған білім беру ұйымынан 450 оқушы – аудандық және қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты. Олар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дайындаған тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың көпшілігі ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, биология және география сияқты пәндерге қызығушылық танытты.
Олимпиада 2 турда өтті, онда оқушыларға теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау қажет болды.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмысын, оның құрамына Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы кіретін қазылар алқасы бағалады.
218 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, олар 15 жалпы білім беретін пән бойынша: 49 бірінші, 71 екінші және 98 үшінші орынды иеленді. Бұған қоса 25 оқушы «Қостанай дарыны» ӨОӘО грамоталарымен марапатталды.



