Химия пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу әдістемесі: оқушыларды даярлауға арналған тиімді тәсілдер мен құралдар

Дата:
18.04.2025

«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 18 сәуірде химия пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық тапсырмаларды  шешу» облыстық семинарын өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математика циклі мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға Қостанай облысының 4 қаласы мен 13 ауданынан 20 ұстаз қатысты. Семинарды «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ химия пәнінің мұғалімі Жанғабұлов Олжас Талғатұлы өткізді.

Семинарға қатысушылар республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларды талқылады. Семинардың нақты құрылымы, талқылауға қатысушылардың барлығын белсенді тарту, сондай-ақ жаттықтырушының өнімділігі мен кәсібилігі тиімді оқыту мен тәжірибе алмасуға ықпал етті.