«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 30-31 қазан күндері химия пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқушыларды олимпиадаға сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
Іс-шараға Қостанай облысының 14 ауданы мен 4 қаласынан 34 мұғалім қатысты. Семинарды «OLZHA High School» ЖШС химия пәнінің мұғалімі Джангабулов Олжас Талғатұлы жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар республикалық олимпиаданың әр түрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларды талқылады.
Семинардың айқын құрылымы, қатысушылардың талқылауға белсенді қатысуы, сондай-ақ жаттықтырушының кәсібилігі мен тәжірибелілігі оқыту процесінің нәтижелілігіне және тәжірибе алмасуға оң ықпал етті.



