Білім беруді цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңейтілген республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы

Дата:
20.02.2026

12-13 ақпан күндері Қостанай қаласында «Цифрлық дәуірдегі Адал азамат: мектептегі тәрбие мен технологияның сабақтастығы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараны «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Қостанай облысының мамандандырылған мектептері: «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты»,               «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты», «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты»  өздерінің жұмыс тәжірибесін ұсынды. Отырыс жұмысына «Дарын» өңірлік орталықтарының басшылары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Отырыс барысында оқу үдерісін цифрлық трансформациялау, STEM тәсілін және жасанды интеллект құралдарын білім беру практикасына енгізу, білім алушылардың зерттеу қызметін дамыту, сондай-ақ пәнаралық оқыту мәселелері қарастырылды. «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік компонентіне, білім алушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және ұлттық кодты сақтауға ерекше назар аударылды.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша тиімді цифрлық білім беру ортасын қалыптастыруға және білім алушылардың жеке білім беру траекторияларын қолдауға бағытталған ұсынымдар әзірленді.