12–13 қараша күндері Астанада робототехника және STEM-білім бойынша педагогтерге арналған республикалық семинар өтті.
Іс-шараны ҚР ОАМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Robotek» робототехника мектебі, Астана қаласының білім басқармасы және Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі ұйымдастырды.
Екі күндік бағдарлама қатысушыларды біріктіріп, оларға тәжірибе алмасуға, жаңа әдістемелік құралдарды игеруге және робототехника мен инженерия саласындағы білім беру идеяларын ұсынуға мүмкіндік берді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық педагогтар сертификаттар алды. Семинар кәсіби өсу, пікір алмасу және оқытуға заманауи инновацияларды енгізуге арналған нәтижелі алаңға айналды.




