Республикалық «Ақберен» байқауының қорытындысы

Дата:
10.11.2025

6-8 қараша күндері Ақмола облысының Щучинск қаласында оқушыларға арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті.

«Ақберен» - ұлттық рухты көтеріп, патриоттық сезімді, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті және елдің мәдени мұрасына құрметті қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі жоба.

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен жүзге жуық дарынды оқушы қатысты. Қостанай облысының намысын Жангелдин ауданы мен Арқалық қаласынан, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан алты оқушыдан құралған команда қорғады.

Жангелдин ауданы білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Ниязбек Таңжарық «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша құрметті екінші орынға ие болды.

Құттықтаймыз!