Республикалық жас зерттеушілер форумы

Дата:
16.05.2025

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласында алғаш рет ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған Жас зерттеушілердің форумы өтті.

Форум – ғылымға, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке құмар оқушылар үшін бірегей алаң. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлауын дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және жастар арасында ғылыми білімді насихаттау.

Форум жұмысына ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академиктері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, жетекші жас ғалымдар, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген 400-ден астам дарынды оқушылар – республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

Форум оқушылардың ғылыми жобалары мен әзірлемелерін көрсету және таныстыру үшін ашық алаңға айналды.

Осы форумда ағымдағы оқу жылындағы оқушылардың республикалық ғылыми жобалары конкурсының жүлдегерлері Ибрагимов Роман («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты) және Белашов Никита (Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейі)  өз жобаларын ұсынды. Белашов Никитаның жобасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Форум қорытындысы бойынша ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА жанынан Жас зерттеушілер академиясы құрылады.