Республикалық олимпиадаға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындары

Дата:
25.02.2026

Астана қаласында 2026 жылдың 25 ақпанында Қостанай облысының олимпиадалық командасы үшін оқу-жаттығу жиындары басталды. Жиынға бірінші болып география, математика және информатика пәндері бойынша қатысушылар аттанды.

Жиынға Қостанай, Рудный қалаларынан, Алтынсарин ауданынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 9-11 сыныптардың 18 оқушысы қатысады.

10 күн ішінде оқушылар а.ж. наурыздың 2 он күндігінде басталатын олимпиадаға тыңғылықты дайындалу мақсатында пәндер бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіретін болады. Олимпиадаға бірінші болып математиктер мен информатиктер барады.

Жиын а.ж. 6 наурызда аяқталады.