Республикалық Махамбет оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дата:
19.09.2025

«Қостанай дарыны» ӨОӘО 2025 жылдың 18 қыркүйегінде «Қостанай қ. білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» КММ-де белгілі ақын Махамбет Өтемісовтің шығармашылығына арналған «Махамбет оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты — Махамбет шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, тарихи сананы, азаматтықты және патриотизмді қалыптастыру.

Оқулар 5 бағыт бойынша өтті:

«Ұлы арман» - Махамбет шығармаларының негізінде иллюстрациялық суреттер жасау,

«Ел құтқарар ер едім...» - Махамбеттің шығармаларын жатқа оқу,

«Шашақты найза, шалқар күй» - күйлерді орындау,

«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас авторлардың өз поэтикалық шығармаларын мәнерлеп оқуы;

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - зерттеу жобаларын қорғау.

      Байқауға облыстың 10 өңірінен және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 36 оқушы қатысты.

Қатысушылардың жұмыстарын құзыретті қазылар алқасы келесі өлшемшарттар бойынша бағалады: ғылымилық және өзектілік, шығармашылық көзқарас, сондай-ақ білім тереңдігі және тақырыпты түсіну. Байқау мектеп оқушыларының ұлттық мәдениет пен әдеби мұраға қалай қызығушылық таныта алатындығының жарқын мысалы болды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

Қатысушының аты-жөні

Өңір

Мектеп

Сынып

Орын

«Ұлы арман» номинациясы

1

Қапенов Даулет

Жангелдин

Қ. Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектеп

11

І

2

Сапаш Адия

Қостанай қ.

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

11

ІІ

3

Кузембаева Виктория

Рудный қ.

№2 гимназия

9

ІІІ

4

Какимов Кенесары

Денисов

Перелески жалпы білім беретін мектебі

10

ІІІ

«Ел құтқарар ер едім» номинациясы

5

Елтай Сұңғат

Қостанай қ.

Ғ. Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп

11

І

6

Боранбай Жанбота

Арқалық қ.

Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп

10

ІІ

7

Дандыбай руна

Б.Майлин ауданы

№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі

10

ІІІ

 

«Шашақты найза, шалқар күй» номинациясы

8

Қабжәлел Жанали

Қостанай қ.

А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектеп

9

І

9

Байымбетова Ақмаржан

Рудный қ.

А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп

9

ІІ

10

Сайлау Гүлдана

Жангелдин

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп

9

ІІ

 «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы

11

На5ашыбай Инабат

Қостанай қ.

№32 жалпы білім беретін мектеп

10

І

12

Молжигит Жанболат

Жангелдин

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп

11

 

ІІ

13

Батыржанқызы Дильназ

Әулиекөл

Чернышевский жалпы білім беретін мектебі

11

 

ІІІ

14

Аманбек Шұғыла

Қостанай қ.

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

9

 

ІІІ

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» номинациясы

15

Ғалымжан Аружан

Жангелдин

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп

11

 

 

І

16

Касымова Алтынай

Қостанай қ.

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

11

 

ІІ

17

Кәкімбек Ділназ

Қостанай қ.

№28 мектеп-гимназия

10

 

ІІІ