Республикалық ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі

Дата:
31.10.2025

А.ж. 28-31 қазаны аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиада үш тірек мектеп базасында 13 жалпы білім беретін пән бойынша өткізілді: Қостанай қаласында – М.Горький атындағы гимназия және №22 жалпы білім беретін мектеп, Амангелді ауылында – Амангелді жалпы білім беретін мектебі.

Облыстық кезеңде оқушыларға тапсырмалар, эсселер, мәтіндерді талдау түрінде классикалық олимпиадалық тапсырмалар ұсынылды, сондай-ақ тілдерді (қазақ, орыс және ағылшын) білуге ауызша турлар өткізілді.

Кезеңге Қостанай облысының 161 мектебінен 607 оқушы қатысып, 256 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 37-сі бірінші, 81-і екінші, 138-і үшінші орын алды.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша а.ж. қараша-желтоқсан айларында өтетін олимпиаданың қорытынды кезеңіне біздің облыстың атынан қатысатын команда жасақталады.