Республикалық ауыл олимпиадасының бастапқы кезеңі

Дата:
23.09.2025

9-17 қыркүйек аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушыларды тіркеу өтті.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау.

Биылғы олимпиадаға қатысу үшін облыстың ауыл мектептерінен 2901 оқушы өтінім берді. Олимпиадаға Қостанай (311 оқушы), Әулиекөл (283 оқушы) және Меңдіқара (268 оқушы) аудандарының оқушылары үлкен қызығушылық танытты.

Олимпиаданың 13 пәнінің ішінен ең көп қатысушы биологияны (381 қатысушы), Қазақстан тарихын (370 адам) және орыс тілі мен әдебиетін  (360 адам) таңдады.

Олимпиаданың бастапқы кезеңі а.ж. 24 қыркүйегінде басталады, оның қорытындысы бойынша келесі кезеңгің қатысушылары іріктеледі.