Педагогтерге арналған облыстық вебинарлар

Дата:
24.04.2025

2025 жылғы 21-24 сәуір аралығында Қостанай облысының педагогтері үшін дарынды балалармен жұмыс бойынша бірқатар вебинарлар өтті.

21 сәуірде Қамысты ауданы білім бөлімінің Клочков жалпы білім беретін мектебінің педагогтері «Дарынды балалармен жұмыстағы инновациялық тәсілдер мен технологиялар» атты облыстық вебинар өткізді.

Кездесу барысында оқытуды дараландырудың заманауи әдістері, цифрлық құралдарды пайдалану, геймификация және жобалық қызмет қарастырылды. Эмоционалды интеллектті дамытуға және жайлы білім беру ортасын құруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеу үшін тәжірибе алмасып, үздік тәжірибелерімен бөлісті.

22 сәуірде Науырзым ауданы білім бөлімінің Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің педагогтері дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Олар өткізген вебинардың тақырыбы – «Пәнді оқу кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оқушылардың дарындылығын дамыту».

Вебинар аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың психологиялық аспектілері, сондай-ақ оның тарих, ағылшын тілі, информатика және бастауыш мектеп сабақтарында дамуы қарастырылды.

23 сәуірде облыстық вебинарды Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары өткізді. Олар «Цифрлық әлемде дарынды балаларды дайындау – уақыт талабы» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 Педагогтер дарынды оқушылармен цифрлық білім беру ортасында белсенді оқыту әдістері мен тәсілдері арқылы жұмыс түрлері туралы, сондай-ақ «төңкерілген сынып» сияқты жұмыс әдісі және оның білім берудегі цифрлық мүмкіндіктерді дамыту жағдайындағы тиімділігі туралы баяндады.

24 сәуірде «Ауыл мектебінде дарынды балаларды дамыту және қолдау» атты облыстық вебинар өтті. Оның бастамашылары Алтынсарин ауданының М. Хакімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебінің педагогтері болды.

Спикерлер өз баяндамаларында ауыл мектебінде қазақ, ағылшын тілі, робототехника сабақтарында дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы баяндап, дарынды балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық аспектісін кеңінен талқылады.

Вебинарларға Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 93 педагог қатысты.