Оқушылардың робототехника бойынша облыстық олимпиадасы

Дата:
27.02.2026

 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 24 ақпанда А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында робототехника бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға облыс мектептерінің 10-11 сыныптарының 18 оқушысы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

    • негізгі жалпы және орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту;
    • дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау;
    • жастар арасында ғылыми білімді тарату және насихаттау;

жеке тұлғаны қалыптастырудың алғашқы кезеңдеріндегі жастардың кәсіби бағдары.

Олимпиадаға қатысушылар робототехника бойынша есептерді шешіп, бағдарламалауды орындап, өз роботтарын ұсынды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталды.

Қазылар алқасының шешімімен 1-орынға ие болды:

- Барабаш Александр, Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы;

- Касимова Аружан, Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы.

2-орын:

- Абилкайыр Әділет, Қостанай қаласының № 31 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Марусанич Даниил, Қостанай қаласының № 7 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.

3-орын:

- Тұрғанбек Нұрзат, Қостанай қаласының С. Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Мамчур Илья, Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы;

- Бейгузин Александр, Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы;

- Кужин Богдан, Меңдіқара ауданының Буденный жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Лещенко Никита, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінің 11 сынып оқушысы.