М. Өтелбаев атындағы «Ойлан, тап!» республикалық математикалық олимпиадасы

Дата:
13.05.2025

2025 жылғы 11-13 мамырда алғаш рет 7-8 сынып оқушыларына арналған М. Өтелбаев атындағы «Ойлан, тап!» республикалық математикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету.

Бұл олимпиада физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаевтың есімімен аталады және әлемдік математика ғылымына жаңалықтар енгізген және қазақстандық балалардың ойлауын жаңа биіктерге көтерген ұлы ғалымның ғылыми зерттеулері мен әлемге әйгілі еңбектерін дәріптеудегі игі істердің бірі болады.

Олимпиадаға Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация лицей-интернатынан, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінен және Рудный қаласының № 4 мектеп-лицейінен математикадан оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің 3 жүлдегері қатысты.

Казкенов Радмир (физика-математикалық лицейі, Қостанай қ., 7-сынып) және Гончар Федор (№4 мектеп-лицей, Рудный қ.) осы олимпиаданың күміс медальдарының иегері атанды.

Республикалық деңгейдегі табысты дебютімен құттықтаймыз!!!