2025 жылғы 23 желтоқсанда онлайн режимінде Лингвистикадан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Біздің облыстан облыстық кезеңнің 4 жүлдегері қатысты: Тургумбаев Кирилл (Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-лицей), Бүркітбаева Даяна (Қамысты ауданының № 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі), Аубакирова Ясмин (Қостанай қаласының М.Горький атындағы гимназиясы), Бекишев Ильдар (Сарыкөл ауданының Тимирязев жалпы білім беретін мектебі).
Бұның алдындағы кезеңдердегідей, қатысушыларға 3 сағат ішінде 3 тапсырманы шешу қажет болды. Ең жоғары балл – 60 балл.
Осы кезеңде қатысушыларға чол, румын және абесабеси тілдері ұсынылды.
Чол тілі майя тілдер отбасына жатады. Ол тілде Мексиканың Чиапас, Табаско және Кампече штаттарында шамамен 250 мың адам сөйлейді.
Абесабеси тілі батыс бенуэ-конго тілдеріне жатады. Ол тілде Нигерияның оңтүстігінде шамамен 7 мың адам сөйлейді.
Румын тілі үндіеуропалық тілдер отбасының роман тобына жатады. Бұл тіл – 25 миллионға жуық адамның ана тілі. Ол Румыния мен Молдованың ресми тілі болып табылады.
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың 71 қатысушысының ішінде 32 оқушы жүлдегер атанды, соның бірі – Тургумбаев Кирилл. Ол ІІ орынды иеленді. Кирилл мен оның ұстазын табысымен құттықтаймыз!



