Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың 2-кезеңі

Дата:
26.11.2025

2025 жылдың 24 қарашасында Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың 2-кезеңі (облыстық) өтті. Бұл – Лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін 8-11 сыныптардың ең мықты оқушыларын анықтауға мүмкіндік беретін екінші іріктеу кезеңі.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық/қалалық кезеңдерде ең жоғары балл көрсеткен және білім бөлімдері ұсынған 34 оқушы қатысты.

Қатысушылар 3 сағат ішінде 3 тапсырманы шешуі керек болды. 2-турдың тапсырмаларын шешкені үшін ең жоғары балл – 60 балл.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмалары бірнеше тілді білуге негізделген.

Аютлан миштек тілі ото-манг тілдік семьясының миштек тобына жатады. Бұл тілде 2000 жылы Мексиканың Герреро штатындағы Аютла-де-лос-Либрес ауданында шамамен 12 мың адам сөйледі.

Маори – австронезия тілдік семьясының мұхиттық тармағының полинезиялық тілі. Маори – Жаңа Зеландия аборигендерінің ұлттық тілі, онда шамамен 190 мың адам сөйлейді. Ол ағылшын және Жаңа Зеландия ым-ишара тілдерімен қатар елде мемлекеттік тіл мәртебесіне ие.

Венгр тілі Орал тілдер отбасының фин-угор тобына жатады. Бұл – Венгрияның ресми тілі. Ол тілде шамамен 14 миллион адам сөйлейді. Венгрия тарихта Австрия, Словакия, Украина, Румыния, Сербия, Хорватия, Босния және Герцеговина сияқты қазіргі замандағы мемлекеттердің құрамына кіретін Орталық, Шығыс және Оңтүстік Еуропаның көптеген жерлерін биледі. Осы елдердің барлығында венгр тілі азшылық тілі ретінде қолданылып келеді.

2-кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 16 жүлдегер анықталды. Олар «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталатын болады, ал барлық қатысушылар сертификаттармен атап өтілді.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі а.ж. желтоқсанына жоспарланған.

Т.А.

Сынып

Өңір

Мектеп

Орын

 

Тургумбаев Кирилл

11

Жітіқара

Абай атындағы мектеп-лицей

1

 

Аубакирова Ясмин

10

Қостанай қ.

М. Горький атындағы гимназия

1

 

Бекишев Ильдар

11

Сарыкөл

Барвинов жалпы білім беретін мектебі

2

 

Буркутбаева Даяна

11

Қамысты

№ 1 Қамысты білім беретін мектебі

2

 

Горбань Екатерина

10

Б.Майлин

Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі

2

 

Бурлаев Матвей

10

Қостанай

Тобыл қ. мектеп-гимназиясы

2

 

Кожемяк Владислав

9

Қостанай қ.

М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі

2

 

Жалғас Нұрдәулет

11

Б.Майлин

С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі

2

 

Крмаева Амина

10

Әулиекөл

Тимофеев жалпы білім беретін мектебі

3

 

Оралбек Мерей

11

Қарабалық

Ново-Троицк жалпы білім беретін мектебі

3

 

Дудко Дарья

9

Федоров

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі

3

  1.  

Фролов Кирилл

11

Рудный қ.

№1 жалпы білім беретін мектебі

3

  1.  

Иващенко Никита

10

Жітіқара

Гимназия

3

  1.  

Дитаева Аружан

11

Әулиекөл

С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы

3

  1.  

Мырзабек Жанель

10

Қостанай қ.

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

3

  1.  

Логинова Маргарита

8

Сарыкөл

Б. Өтетілеуов атындағы негізгі орта мектебі

3