Информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың іріктеу кезеңі

Дата:
17.11.2025

2025 жылғы 16 қарашада Информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың іріктеу интернет-туры өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту, арнайы курстардың, үйірмелердің, оқушылардың ғылыми қоғамдарының жұмысын жандандыру, оқушылармен жұмыстың басқа да түрлерін дамыту, дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы, ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамыту болып табылады.

Іріктеу турына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 178 команда қатысты.

Олимпиаданың бұл кезеңіне қатысуға Қостанай облысының мектептерінен 5 команда тіркелді: Қостанай қ., «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты және Қостанай қ. ФМБ НЗМ.

Турдың ұзақтығы 5 сағатқа созылды, оның барысында қатысушылар берілген тапсырмаларды мейлінше көп шешуі қажет болды.

Іріктеу қорытындысы бойынша олимпиаданың күндізгі кезеңіне қатысатын командалар анықталады.

Олимпиаданың күндізгі кезеңі а.ж. 15-16 желтоқсанда өтеді.