Физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» облыстық онлайн-семинары

Дата:
13.11.2025

«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 10 қарашасында физика пәні мұғалімдеріне онлайн форматта «Олимпиадалық есептерді шешу» атты облыстық семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты - жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға Қостанай облысының 12 ауданынан және 4 қаласынан 35 педагог қатысты. Семинарды Астана қаласы «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ филиалының физика кафедрасының меңгерушісі, физика пәнінің мұғалімі Салимов Алмаз Баймарзаұлы өткізді.

Қатысушылар республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларды қарап, талдады.

Талқылауға қатысқандардың барлығының белсенді болуы, сондай-ақ жаттықтырушының жоғары кәсібилігі мен мазмұнды жұмысы нәтижелі оқыту мен сындарлы тәжірибе алмасуға ықпал етті.