
2025 жылғы 30 қыркүйекте физика, химия және биология пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті.
Бұл олимпиада 16 жасқа дейінгі оқушылар арасында ұйымдастырылды. Іріктеуге олимпиадаға қатысу өлшемшарттарына сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер (физика, химия, биология) бойынша Республикалық олимпиаданың 19 жүлдегері қатысты.
Қостанай облысынан іріктеу кезеңіне физика пәнінен республикалық олимпиаданың жүлдегері, физика бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегері, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Оразалин Расул қатысты.
3 сағат ішінде физика және химия бойынша ұсынылған есептерді, сондай-ақ биология бойынша тест тапсырмаларын шешу қажет болды.
Барлық іріктеу рәсімдерінің қорытындысы бойынша олимпиадаға дайындық оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың құрамы айқындалатын болады.