Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды шешудің заманауи тәсілдері: мұғалімдерге арналған стратегиялар мен құралдар

Дата:
11.04.2025

2025 жылдың 11 сәуірінде «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы биология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық тапсырмаларды шешу» оқыту семинарын өткізді. Семинарға Қостанай облысының 11 ауданынан және 3 қаласынан 22 педагог қатысты.

Семинарды тәжірибелі педагог Кожмухаметова Аян Сұлтанқызы - магистр, «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы өткізді.

Жаттықтырушы өзінің әдістемелерімен және әдіс-тәсілдерімен бөлісіп қана қоймай, қатысушыларға олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға кездесетін олимпиадалық тапсырмаларға терең талдау жасауды ұсынды.

Мұғалімдер күрделі тапсырмаларды талқылауға және талдауға белсенді қатысты, бұл олардың әрқайсысына өздерінің сараптамалық біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді.