Ағымдағы жылдың 29 қазанында «ZERDELI–QOSTANAI» зияткерлік даму орталығы «Алтын тұғыр» және «Алтын сақа» олимпиадаларына дайындық бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар олимпиадалық тапсырмалардың мазмұны және құрылымымен танысып, олардың шешу тәсілдері мен оқушыларды зияткерлік сайыстарға дайындау әдістемесін талқылады.
Бұл семинар өңірдегі дарынды оқушыларды дамытуға мүдделі педагогтердің тәжірибе алмасуына және кәсіби құзыреттілігін арттыруына мүмкіндік берді.




