
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІІ республикалық олимпиаданың қатысушыларын тіркеу басталды.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау.
Олимпиада 4 кезеңде өтеді: 1 кезең – бастапқы, 2 кезең – аудандық, 3 кезең – облыстық және 4 кезең – республикалық.
2025 жылғы 9-15 қыркүйек аралығында smart.daryn.kz сайтында олимпиадаға қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
Өткен оқу жылында олимпиадаға Қостанай облысының ауылдық жерлердегі мектептерінің 2500-ден астам оқушысы қатысты, олардың 26-сы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегерлері атанды. 3 жеңімпаз 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысты.
Олимпиаданың 1 кезеңі онлайн платформада өтеді.