9-11 сынып оқушылары арасында қаржы және экономика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

Дата:
23.02.2026

2026 жылғы 21 қаңтарда 9-11 сынып оқушылары арасында қаржы және экономика пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданы өткізу мақсаты – 9-11 сынып оқушыларының экономика және қаржы саласындағы зияткерлік әлеуетін анықтауына жағдай жасау, олардың пәнге танымдық қызығушылығын ынталандыру, зерттеу және талдамалық құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ оқушылардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесу.

Аудандық кезеңге Smart Daryn платформасы арқылы 226 оқушы тіркеліп, оның ішінде 15 өңірден 202 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 6 өңірден 20 оқушы өтті.

Облыстық кезең 2026 жылғы 11 ақпанда КГУ «Гимназия имени М. Горького отдела образования города Костаная» базасында өткізілді.

Олимпиада ағылшын тілінде тестілеу форматында өткізілді. Тапсырмаларды орындауға бөлінген уақыт 200 минутты құрады.

Облыстық кезеңге облыстың 5 өңірінен 16 оқушы қатысты, оның ішінде:

  • 9-сыныптардың 2 оқушысы,
  • 10-сыныптардың 6 оқушысы,
  • 11-сыныптардың 8 оқушысы.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша 9 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 2 оқушы - І орын, 2 оқушы – ІІ орын және 5 оқушы - ІІІ орын.

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

Сынып

Мектеп

Орын

1

Алпысбаев Эрик

10

А.М .Горький атындағы гимназиясы, Қостанай қ.

1

2

Войнов Данил

11

Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы, Қостанай қ.

1

3

Хусаинова Карина

11

Максим Горький атындағы жалпы білім беру мектебі, Қарабалық ауданы

2

4

Багтжан Майя

11

№16 жалпы білім беретін мектебі, Қостанай қ.

2

5

Гавриленко Никита

10

А.М .Горький атындағы гимназиясы, Қостанай қ.

3

6

Pazyl Arlen

10

А.М .Горький атындағы гимназиясы, Қостанай қ.

3

7

Бермагамбетова Анеля

10

Силантьев жалпы білім беру мектебі, Алтынсарин ауданы

3

8

Арманқызы Асылай

11

Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы, Рудный қ.

3

9

Галивец Дарья

9

№ 13 жалпы білім беретін мектебі, Рудный қ.

3