7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен Ұлттық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
15.05.2025

12-15 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға а.ж жылдың қазан айында өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

12-13 мамыр аралығында олимпиаданың алдында оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, онда оқушылар олимпиадалық тапсырмаларды орындауға қажетті теориялық және практикалық дағдылармен жұмыс істеді.

14-15 мамырда олимпиада өтті, онда қатысушылар жиындар кезінде алған білімдерін пайдалана алды. Олимпиадада облысымыздың атынан қатысқан 4 оқушының 2-і жүлдегер атанды: ІІ орын – Орлова Дарья (Қостанай қ. физика-математикалық лицейі) және ІІІ орын – Хозедиас Дархан (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты).

Оқушыларды және олардың ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!!!