5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
15.05.2025

Ағымдағы жылғы 15 мамырда Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы базасында 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада бүкіл ел бойынша бір уақытта өтті. Олимпиадаға барлық өңірлерден 300-ден астам қатысушы, оның ішінде Қостанай облысынан (Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалалары мен Жангелдин, Жітіқара, Меңдіқара, Науырзым аудандары, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты) 16 оқушы қатысты.

Олимпиада прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн режимінде өтті.

6 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды: 1 бірінші, 1 екінші және 4 үшінші орындар. Сонымен қатар 1 қатысушы грамотамен атап өтілді.

 

№ п/п

Қатысушының аты-жөні

Пән

Сынып

Мектеп

Орын

1

Алимбаева Айлин

Орыс тілі мен әдебиеті

6

№ 19 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қаласы

І

2

Өмірзақ Ерасыл

Математика

5

С. Мәуленов атындағы гимназия, Қостанай қ.

ІІ

3

Иванов Вадим 

Ағылшын тілі

6

№ 8 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қаласы

ІІІ

4

Искаков Саян

Қазақстан тарихы

6

№6 жалпы білім беретін мектеп, Лисаков қ.

ІІІ

5

Гончарук Алена

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі

5

№ 11 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қаласы

ІІІ

6

Самат Камалия

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

6

С. Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қ.

ІІІ

7

Кондрашова Екатерина

Орыс тілі мен әдебиеті

5

А.М.Горький атындағы гимназия, Қостанай қ.

грамота

Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулеріңізбен құттықтаймыз!