3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасы

Дата:
20.05.2025

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 03.10.2024 жылдан бастап 16.05.2025 жылға дейін 3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – математикадан қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Олимпиаданың мектепішілік кезеңі 2024 жылдың 3 қазанында өтті. Бұл кезеңге 3-4 және 5-6 сыныптардың 4387-ден астам оқушылары қатысты.

Аудандық кезең 2024 жылғы 8 қарашада өтті, оған 2113 оқушы қатысты, оның 232-сі облыстық кезеңге өтті.

3-4 сыныптар үшін облыстық кезең 18 сәуірде, 5-6 сыныптар үшін 11 сәуірде өтті. Олимпиадаға 5-6 сыныптардан 230 оқушы және 3-4 сыныптардан 126 оқушы қатысты. Оның ішінде 110 оқушы жүлдегер атанды.

2025 жылғы 16 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ базасында 3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға облыс мектептерінің 20 оқушысы қатысты. Олимпиадаға қатысушыларға математика бойынша 3 қиындық деңгейлі тапсырмалар, тапсырмалар арасында тест тапсырмалары мен мәтіндік тапсырмалар ұсынылды.

 9 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды: оның ішінде 2 - ІІ орын, 7 – ІІІ орын алды және 3 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.

Барлық кезеңдердің жүлдегерлері мен жеңімпаздары ерекше жетістіктері үшін І,ІІ,ІІ дәрежелі дипломдар алды.

Қатысушының аты-жөні

Сынып

Мектеп

Орын

1

Таңат Әмір

4

№24 мектеп-гимназия, Қостанай қ.

2

2

Кайржан Мансұр

5

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

2

3

Кеңесбай Нұғман

4

№ 24 мектеп-гимназия, Қостанай қ.

3

4

Шуршин Михаил

6

Мектеп-гимназия, Лисаков қ.

3

5

Қуандық Арсен

3

№ 24 мектеп-гимназия, Қостанай қ.

3

6

Брезговин Александр

3

№2 гимназия, рудный қ.

3

7

Искаков Карим

3

№5 мектеп-гимназия, Қостанай қ.

3

8

Өмірзақ Ерасыл

5

С.Мәуленов атындағы гимназия, Қостанай қ.

3

9

Молдахмет Абзал

4

Физика-математикалық лицей, Қостанай қ.

3