
Ауыл мектептерінің 6-сынып оқушыларының қабілеттерін қолдауға және ашуға бағытталған Ұлттық олимпиада екі кезеңде өтті және ол еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген қатысушыларды жинады.
Еліміздің 65 000-нан астам ауыл оқушылары олимпиаданың бірінші кезеңіне қатысуға ниет білдірді, оның ішінде 2790 оқушы Қостанай облысынан.
Олимпиаданың екінші кезеңінде 138 оқушы өз білімдерін көрсетті.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша республиканың 1000 үздік жеңімпазы анықталды, оның қатарында Қостанай облысының 16 талантты оқушысы бар.
Олимпиаданың осы 16 жеңімпазы еліміздің үздік оқу орындарында: Республикалық физика-математика мектебі, «Білім-Инновация» лицейлері, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуын жалғастыруға бірегей мүмкіндік алды.
Бұл жеңіс қана емес – бұл үлкен болашаққа жолдама, өз қабілеттерін жүзеге асыруға, асқақ армандары мен жаңа биіктерге жету мүмкіндігі де!
Олимпиаданың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сіздердің білімдеріңіз бен жетістіктеріңіз күн сайын нығая берсін, алда бұдан да жарқын жеңістер мен ұлы жетістіктер күтіп тұр!