11 сынып оқушылары арасындағы ХVІІІ Президенттік олимпиада аяқталды

Дата:
25.11.2025

2025 жылғы 17-21 қараша аралығында Астана қаласында № 100 жалпы білім беретін мектеп базасында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІІІ Президенттік олимпиада өтті.

Республиканың барлық мектептерінен 200 оқушы 2 іріктеу кезеңінен өтіп, олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысты. Екі күн бойында оқушылар 4 пән бойынша тапсырмаларды орындады: 1-ші күні – математика және химия, 2-ші күні – физика және биология.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қостанай, Рудный қалалары, Алтынсарин ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты мен «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатынан» 11 қостанайлық оқушы өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінің оқушысы Лещенко Никита 3 орын алды. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Байдаулет Мансур «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.

Құттықтаймыз!