Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына арналған қашықтан «Ұлы мұра» марафоны аясындағы олимпиаданың қорытындысы

    Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған дәстүрлі «Ұлы мұра» марафоны басталды.

     2025 жылдың 5 наурызында 7-10 сынып оқушыларына арналған қашықтықтан олимпиада өтті, оның тапсырмалары Ш. Уәлихановтың өмірі, ғылыми қызметі мен шығармашылығын білуге арналды.

    Марафонның мақсаты Ш. Уәлихановтың мұрасын зерделеу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру бойынша қызығушылықты өзектендіру болды.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 18 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 7-10 сыныптарының 753 оқушысы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 537 (немесе 71,3 %) оқушы қатысты.

    Олимпиада екі жас санатында өтті: 7-8 және 9-10 сыныптар. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 7-8 сынып оқушылары (391 қатысушы) болды. Өңірлер арасында Сарыкөл ауданының (127 қатысушы) және Лисаков қаласының (73 қатысушы) оқушылары белсенді болды.

    113 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 4 қатысушы І орын, 28 ІІ орын және 81 қатысушы ІІІ орын алды.

    Барлық қатысушылар сертификаттармен атап өтілді, ал жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады.

    Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз!

     

    ИТОГИ