Орыс тілі мен әдебиетінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

    2025 жылдың 27-28 қаңтарында 7-10 сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиетінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3958 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 2384 қатысушы (немесе 60,2 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (980 оқушы) және  Қостанай ауданы (557 оқушы) болды. Оқушылар арасында 9 сынып оқушылары ең белсенді болды (1188 қатысушы).

    556 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 137 оқушы І орын, 181 оқушы ІІ және 248 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Жітіқара ауданының (39 %), Ұзынкөл ауданының (36 %) және Алтынсарин ауданының (34 %) оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалатын болады.

     

    ИТОГИ