5-10 сынып оқушыларына арналған «Around the world» елтану бойынша қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2025 жылғы 6-7 ақпанда 5-10 сынып оқушылары үшін елтану пәнінен «Around the world» қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірінен 3149 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1671 қатысушы (немесе 53,1 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (1330 оқушы), Әуликөл ауданы (348 оқушы) және Қостанай ауданы (354 оқушы) болды. Оқушылар арасында 8 сынып оқушылары ең белсенді болды – 649 қатысушы.

    382 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды, оның 34-і 1 орын, 159-ы екінші және 189-ы үшінші орын алды. Өңірлер арасында Жітіқара ауданының (20,2 %) және Қарасу ауданының (24 %) оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады.

     

    ИТОГИ