Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиаданың іріктеу туры
2025 жылғы 13-16 ақпан аралығында Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиаданың іріктеу туры өтті.
Олимпиадаға 104 қатысушы – математикадан оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі жүлдегерлері, сондай-ақ Қостанай облысынан 2 қатысушы: Рудный қаласының № 4 мектеп-лицейінен Гончар Надежда және Жангелдин ауданының Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінен Маратқызы Қамшат қатысты.
Олимпиада дәстүрлі форматта 2 турда өтті. Қатысушыларға әр турда 4 есептен берілді. 16 ақпанда апелляция өтті, оның аясында қатысушылар өз шешімдерінің дұрыстығын дәлелдеуі қажет болды.
Барлық қатысушылардың арасынан Гончар Надежда суырылып алға шықты. 2 тур мен апелляция қорытындысы бойынша ол 14 балл алды. Қатысушылар арасында бәсекелестік жоғары болды, қазылар алқасы барлық қыздардың өз көзқарастарын дәлелдей және қорғай алатынын атап өтті.
Біздің қыздар бұл олимпиаданың іріктеу кезеңіне бірінші жыл қатысып отырған жоқ. Сондықтан оларды осы беделді еуропалық олимпиадаға қатысушылардың қатарынан көреміз деп үміттенеміз!