Қостанайлық оқушыларының жаңа жетістіктері! «Созвездие» олимпиадасында 1 орын! Оқушылар мен жастардың «Адам-Жер-Ғарыш» атты ХХІ Бүкілресейлік оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының олимпиадасы

     

      

     

    2021 жылдың 3-7 мамыры аралығында Королев қаласында (РФ, Мәскеу облысы) оқушылар мен жастардың «Адам-Жер-Ғарыш» атты ХХІ Бүкілресейлік оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының олимпиадасы («Созвездие» олимпиадасы) өтті. 2020 жылы олимпиада пандемияға байланысты болған жоқ, бірақ биылғы жылы олимпиада баршаға таныс офф-лайн форматында өтті.

    Олимпиада жобаларын Ресей Федерациясының 45 өңірінен және Қазақстан Республикасының 2 өңірінен: Қостанай және Алматы қалаларының оқушылары ұсынды.

    Республикалық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегері «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Ибрагимов Николай біздің облысымыздың намысын қорғады. Оның «Аэропоника» жобасы «Флора мен фауна» секциясында ұсынылды.

    «Созвездие» олимпиадасының қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті мүшелерімен марапаттауда Қазақстаннан келген барлық қатысушылар жобаларының жоғары сапасы және олимпиаданың қорытындысы ретінде 1-орын атап өтілді. Николай мен оның ғылыми жетекшісі Карина Ансагановна Нугуманованы халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймыз!