Қостанай облысының үздік мектептері мен педагогтері
2025 жылғы 5-8 қаңтар аралығында өткен білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының қорытындысы бойынша, сондай-ақ аудандар мен қалалардың командалары оқушыларды олимпиаданың осы кезеңдеріне дайындау сапасының жақсы екенін көрсетті.
«Үздік олимпиадалық команда-2025» номинациясы бойынша Қостанай қаласының, Әулиекөл және Ұзынкөл аудандарының командалары жеңімпаз атанды.
Білім беру ұйымдарының арасында «Үздік олимпиадалық мектеп-2025» атағы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқу ордалары:
І орын - Рудный қаласы білім бөлімінің № 10 мектеп-гимназиясы және Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы;
ІІ орын - Қостанай қаласының № 2 мектеп-лицейі және Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ орын - Рудный қаласы білім бөлімінің № 4 мектеп-лицейі, Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы және Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі.
«Үздік ауыл оқушысы-2025» номинациясы бойынша 3 оқушы жеңімпаз атанды:
- Гусейнова Лейла, Қостанай ауданының Половников жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Құлтаев Аңсар, Әулиекөл ауданының Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Нигматуллаева Нойла, Алтынсарин ауданының Силантьев жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік ауыл мұғалімі-2025» атағына Әулиекөл ауданының Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Нұрахметов Рауан Нұрланұлы ие болды. Ол облыстық олимпиаданың 3 жүлдегерін дайындады.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары - Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты – «Көшбасшы мектеп» атағына ие болды. Олимпиадаға қатысқан 113 оқушының 89-ы жүлдегер атанды.
Облыстық оқушылар олимпиадасының қорытындысы бойынша 3 және одан да көп жүлдегерлерді дайындаған 13 педагог облыстық кәсіподақ ұйымдарының грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды, облыстық олимпиаданың 2 жүлдегерін дайындағаны үшін тағы 15 педагогқа «Қостанай дарыны» ӨОӘО алғыс хаттары дайындалды.
Марапатталған педагогтар арасында Бекмағамбетов Айбек Серикқалиұлы (химия пәнінен 7 жүлдегер), Муратбек Нурсат Жусупулы (биология пәнінен 6 жүлдегер) – дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының ұстаздары.
Әрқайсысы 5 жүлдегерден дайындаған педагогтер – Иващенко Андрей Александрович (информатика), Колычева Инна Арменовна (ағылшын тілі) – «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты және «Білім-Инновация» лицей-интернатының мұғалімі Серік Мақсат Маратұлы (физика) 4 жүлдегер дайындады.
Барлық ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс айтамыз және жаңа жетістіктер тілейміз!