«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 15 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5 «А» мектеп-гимназиясының базасында «Оқушылардың дарындылығын ерте дамыту» тақырыбында инновациялық және мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлар кеңесінің (бұдан әрі –кеңес) отырысы өтті.

Кеңес мақсаты: оқушылардың дарындылығын ерте анықтау және дамыту бойынша басқару қызметінің тәжірибесімен алмасу.

Кеңес отырысына Қостанай облысының инновациялық, мамандандырылған және құрама білім беру ұйымдарының 28 басшысы мен директорларының орынбасарлары қатысты.

Кеңес қатысушыларын №5 «А» мектеп-гимназиясының шығармашылық жағынан дарынды балалары үш тілде құттықтау бағдарламасымен қарсы алды.

Мектеп-гимназия директоры Л. Н. Сарычева  өз сөзінде мектеп жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары        О.В. Климешина қатысушыларға мектеп-гимназия оқушыларының дарындылығын ерте дамыту жүйесі туралы әңгімеледі. Кеңес қатысушыларымен дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жұмыс тәжірибесімен мектептің педагог-психологы А. А. Ивушкина  бөлісті.

Кеңестің практикалық бөлімінде қатысушыларға жаратылыстану пәні бойынша сабақтар панорамасы, мемлекеттік және орыс тілінде оқытылатын сыныптарда әдеби оқу, сонымен қатар «Ең ақылды» интеллектуалды-танымдық ойыны ұсынылды.

Кеңес жұмысының соңында мектеп басшылары үшін мектеп академиясы бойынша жас зерттеушілер, интеллектуалдар бойынша экскурсия ұйымдастырылды, сонымен қатар қосымша білім беру қауымдастығының жұмысы көрсетілді (тоғызқұмалақ, робототехника, квиллинг).