Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
Мемлекеттік тілдің рухани дамуын, қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында 2021 жылдың 18-28 қаңтар аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.
Олимпиада 2 турды қамтыды.
1 турдың қорытындысы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қостанай облысынан екі оқушы өтіп, жүлделі орындарға ие болды.
№ |
Қатысушының Т.А |
Сынып |
Өңір |
Мектеп |
Орын |
1 |
Мальчикова Карина |
6 |
город Костанай |
№17 жалпы білім беретін мектеп |
2 |
2 |
Чещевик София |
5 |
город Лисаковск |
Мектеп-гимназия |
3 |