2019 жылдың 28 мамыр мен 31 мамыр аралығында Баянауыл кентінде Қ. Сәтбаев атындағы ІХ Халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға Астана мен Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Ресей Федерациясының Новосибирск қаласынан 168 оқушы , 27 команда қатысты.
Олимпиада көрнекті отандық ғалым, ғылым Академиясының тұңғыш президенті академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне өткізілді.
Қостанай облысынан 2018-2019 оқу жылының математика, физика, химия, информатика, биология және география пәндері бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша физика-математика лицейінің оқушылары Трефилов Сергей (информатика) және Корчагина Полина (география) 3 орын алды, Қали Асанали «Білім – инновация» лицей - интернатының оқушысы Құрмет грамотасына ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.