Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы
2022 жылғы 3-6 мамыр аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская атындағы орденнің кавалері, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне 9-11 сыныптардан 207 оқушы қатысты.
Қостанай облысы биыл Қостанай, Рудный қалаларынан, Қарабалық, Ұзынкөл аудандарынан, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 11 қатысушы ұсынды.
Қатысушылар Қ.О. Бітібаеваның әдеби шығармаларын, өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білуден жарысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 1 бірінші орын, 2 екінші және 1 үшінші орын алды. Сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін 1 грамотамен марапатталды.
№ |
ТАӘ |
Өңір |
Білім беру ұйымы |
Сынып |
Орын |
1 |
Боранбаева Аруза |
Қостанай қаласы |
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты |
11 |
1 |
2 |
Умирзакова Алтынай |
Қарабалық ауданы |
Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектеп |
9 |
2 |
3 |
Амангелдиева Ару |
Рудный қаласы |
№ 19 жалпы білім беретін мектеп |
9 |
2 |
4 |
Бәкір Зарина |
Қостанай қаласы |
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты |
11 |
3 |
5 |
Кенес Аружан |
Қостанай қаласы |
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты |
9 |
грамота |
Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!